Нур-Султан қаласы әкімдігінің "№ 47 "Ақ желкен" балабақшасы" МКҚК
0
2017-2018 оқу жылында «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» өткізілген жалпы ата-аналар жиналысының № 4 хаттамасы

 № 47 «Ақ желкен» балабақшасында 2017-2018 оқу жылында

«Ұрпақ тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» өткізілген

жалпы ата-аналар  жиналысының № 4 хаттамасы

                                 

 

Өткізілген күні: 5.06. 2018ж

Қатысқан ата-ана саны: 120

 

Күн тәртібі:

 

1.2017-2018 оқу  жылына есеп беру.
- Ата-аналарды жазғы маусымның шынықтыру жұмыстарымен, білім көрсеткіш мониторингтерімен, танымдық қабілеттерінің қорытынды индикаторымен таныстыру.

                                              Жауапты: меңгеруші Л. Шинасилова

                                                           Әдіскер: М.Сагимбекова

 - Алғыс хаттар.

-  Ата-аналарға мерекелік концерт.

                                                

Тыңдалды:

 

Бірінші мәселе бойынша балабақша меңгерушісі Л.Шинасилова  Қазақстан Республикасы мектепке дейнгі ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері 2017-2018 оқу жылы мынау мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын білім беру салаларын кіріктіру арқылы тиімді іске асыру.  Міндеттері: -білім беру процесін жоспарлауда педагогтарға әдістемелік көмек көрсету; -күні бойы білім беру процесін кіріктіріп, ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді анықтау; -бірлескен әрекеттің барынша тиімді формаларын енгізу арқылы балабақшаның өміріне және баланың әлеуметтенуіне ата-аналарды тарту. Күнделікті ас мәзірі санитарлық нормаға сәйкес жасалып, оның дәлдігі тексеріліп, медбике қадағалап отырады.  Әр айда күн тәртібіндегі бала өмірі іс-әрекеттің ұйымдастырылуын қадағалап, бақылау жүргізіліп отырылды және оған талдау жасалды. Сонымен қатар балабақшаның және тәрбиеленушілер мен педагогтар арасында көптеген жетістіктермен таныстырды. Қалалық балабақшалар арасында «Ақ көгершін» м.д. тобынан «Жұлдызды жол» атты интеллектуалды конкурс нәтижесі бойынша Оразбек Әділет - І дәрежелі орын Дипломмен марапатталды, «Брейн-ринг» жолда жүру ережесін білу байқаудан ІІІ орын иеленген «Ақ сұңқар» м.д. тобының балалары», т.б.  –деп сөзін аяқтады.

 

Әр-түрлі сұрақтар бойынша балабақша меңгеруші ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Соын ішінде балабақшада ешқандай ата-анадан заңсыз ақша жиналмасын деп ескертілді. Жалпы ата-аналар комитеттерінің төрайымдары Елеусізова Гауһар Жұмабайқызы, мүшелері:Тиыштыкбаева Назым Даулетқызы, Тайбулдинова Сания Абылаевна жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы қысқаша айтып кетті. Сонымен қатар жыл бойы балабақшаішілік белсенді қатысқан топ ата-аналарды марапаттады. Тәрбиеленушілер кішігірім дайындаған олең жырларын ұсынды.

 

Шешімі:

 

  1. Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның байланысы арта түссін.

 2017-2018 оқу жылы атқарылған жұмыстар «қанағаттандырлық» деп есептелсін.

Мерзімі: 2017-2018 оқу жылы бойы. Жауапты:  балабақша ұжымы , ата-аналар.

  1. Балабақшада ешқандай ата-анадан заңсыз ақша жиналмасын.

 Мерзімі: 2017-2018 оқу жылы бойы. Жауапты:  балабақша ұжымы , ата-аналар.

 

 

 

Ата-аналар жиналысының төрайымы:                                Шинасилова Л

 

Хатшы:                                                                                  Кансейтова Б